Шеберлінің қолы алтын

А. С. Пушкин ат. балалар кітапханасының қызметкерлері «Асыл мұра» танымдық үйірмесіне қатысушыларға ұлттық бұйымдар мен әшекейлердің маңыздылығын түсіндіріп, қолөнердің қазіргі қоғамдағы орны жайлы ой қозғап, талқыға салды. Үйірменің кезекті отырысына қонақ болған «НҰР ШЕБЕР» ұлттық қолөнер ұйымының басшысы Хамзина Нұргүл Дүйсенбайқызы әшекейлерді жасау әдістерімен дағдыларынан мәлімет беріп, шеберлік сағатын өткізді.