«Северный» кітапхана-филиалында «Шекара – ел қорғаны» атты тақырыптық іс-шара өткізілді. Осы іс-шара барысында №28 мамандандырылған мектеп-гимназиясы базасында ұйымдастырылған «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері шекара қызметінің тарихы мен құрылымымен танысып қана қоймай, ҰҚК Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің офицерлер құрамымен кездесуге мүмкіндік алды. Кеш барысында жиналғандар назарына көлемді кітап көрмесі ұсынылып, бейнематериалдар көрсетілді. Бөлім қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға қызмет туралы ғибратты әңгімелер айтты. Іс-шара «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.