«Шоқан Уәлиханов – шығыстың жарқын жұлдызы»

2025 жылдың 17 қаңтарында «Узкоколейный» кітапхана филиалында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай «Шоқан Уәлиханов – шығыстың жарқын жұлдызы» тақырыптық сөре безендірілді. Тақырыптық сөреде ұсынылған кітаптар мен мерзімді басылымдарда ұлы қазақ ғалымы, этнографы, фольклоршы, батыл саяхатшы, Орыс географиялық қоғамының мүшесі Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы баяндалады. Оның тарих, этнография, география саласындағы еңбектері бірегей мұра болып саналады. Ә. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Алмасбек Әбсадықтың «Эпос «Едиге» и топоним «Кушмурун»: неизвестное об известном» мақаласынан оқырман жалпы түркі эпосының жазбаша нұсқасы жазылған Құсмұрынның көркем жерлерінің бірі туралы білетін болады.
Сіздерді біздің көрмені тамашалауға шақырамыз!