Шоқан мұрасы дәуір шежіресі

2025 жылдың 27 ақпанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері қазақтан шыққан алғашқы ғалым, саяхатшы, саясаткер, тарихшы, әдебиетші, атақты жерлесіміздің бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдық мерейтойына орай «Шоқан мұрасы дәуір шежіресі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері Ш. Уәлихановтың өмір жолдары мен қызметі жайлы баяндады.
Іс-шараға арнайы шақырылған Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкері Оташева Назима Куанышпаевна ғалым туралы қызықты деректерімен бөлісіп, ерекше маңызды, құнды экспонаттармен таныстырды. Шара барысында колледж оқытушысы Г. Т. Нұржан Шоқан Уәлихановтың шығыстану, тарих, салт-дәстүріміз, өлкетану, әдебиет жөніндегі шығармшылық жұмыстары жайында баяндап берді.
Сонында «Шығыстың жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі ұсынылды.