А. С. Пушкин атындағы Қалалық балалар кітапханасында Шығыстың көрнекті ойшылы, ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай танымдық слайд-презентация өтті.
Шараға №2 мектеп-гимназиясының жазғы лагеріне қатысушы оқушылар қатысты.
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларды Әл-Фарабидің өмір жолымен, ғылыми мұраларымен таныстырды. Слайд-презентация көмегімен ғалымның 150-ден астам еңбектері мен жарық көрген кітаптары жайлы мағлұматтар ұсынылды. Шара барысында оқушылар «Егер мен Фарабидей ғалым болсам…» атты шығармашылық эссе жазып, өз ойларын еркін жеткізді. Сонымен қатар, олар ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады.
Іс-шара соңында «Әбу Насыр Әл-Фараби – ғылым көшбасшысы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде ұлы ойшылдың еңбектері мен ол туралы жазылған әдебиеттер қойылды. Бұл танымдық кездесу оқушылардың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттырып, ғылымға деген құлшынысын оятты.
Шығыстың көрнекті ойшылы
