Сіз өз құқықтарыңызды білесіз бе?

«Қонай» кітапхана-филиалында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы, полиция капитаны Е. А. Поварницинаның қатысуымен 5-6 сынып оқушылары үшін «Сіз өз құқықтарыңызды білесіз бе?» атты іс-шара өтті.
Е. А. Поварницина балалардың құқықтары туралы айтып, құқықтардан басқа міндеттер де бар екенін еске салды. Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдер кешкі сағат 22-ден кейін көшеде болып, жол ережелерін бұзып, мопедтер мен квадроциклдерді басқаратын жағдайлар бар екенін атап өтті. Балалардан қауіпсіздік ережелерін сақтауды өтінді.
Іс-шара соңында қатысушылар «Қауіпсіздік сабағы» жадынамаларын алды.