Сіз кітапханаға келдіңіз!

Сіз кітапханаға келдіңіз!
2024 жылдың 2 қыркүйегінде «Строительный» кітапхана-филиалында «Сіз кітапханаға келдіңіз» атты экскурсия өтті.
Бұл іс-шараның қатысушылары № 5 «А» және 3 «в» сынып оқушылары болды. Балалардың кітапхананың залдарымен танысуына мүмкіндік жасалды. Абонемент залында оларға кітапхананың ережелері, жұмыс уақыты және кітап қоры таныстырылды. Балалардың назарын балалар әдебиетінің жаңа кітаптары ерекше аударды. Оқу залының кітапханашысы балаларға ойыншық кітаптарды көрсетті, қазақ және орыс тіліндегі 3D форматындағы кітаптарды таныстырды. Оқушылар ертегі кейіпкерлері туралы жұмбақтар шешті, «Жұмбақ теремок» ойынына қатысты, өлеңмен физкультминуткаға қатысты.
Экскурсия көңілді, қызықты және білімді өтті!