Снежная королева

7 қарашада «Дорожный» кітапхана-филиалында «Солнышко» клубының қатысушылары үшін «Снежная королева» мультфильмін көрсетті.
Кітапханашы балаларды Х.К. Андерсеннің «Снежная Королева» кітабымен таныстырып, мультфильмді – адам жүрегінің адалдығы, достығы мен жылуы туралы жақсы ертегі оқиғасын көруді ұсынды. Кітапханашы оларға жақсы істер жасау және жаман істерден аулақ болу қаншалықты маңызды екендігі туралы әңгімелеп берді.