Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Дружба» кітапхана-филиалында «Соғыс сәті кітап жадында» атты кітап көрмесі рәсімделді. Бұл көрмеде келесі деректі материалдар ұсынылған: Қостанай облысының майдангерлерінің деректерін қамтитын «Они вернулись с Победой» екі томдық кітабы, «Всё для фронта, всё для Победы!», «Рассекреченная война», «Кустанайская область в годы Великой Отечественной войны. Единство фронта и тыла» құжаттар жинағы, фото және материалдар, «Фронтовой привет тебе, Казахстан!» хаттар жинағы, М. Таж-Мұраттың «Неизвестная война Маншук», «Костанайцы – Герои Советского Союза», «Шла война народная» кітаптары. Сонымен қатар көрме келесі құжаттардың көшірмесімен толықтырылған: «Акт о военной капитуляции Германии», Указ «Об объявлении 9 мая Праздником Победы» және т.б.
Соғыс сәті кітап жадында
