«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында индустриалды-педагогикалық колледждің 1 курс студенттеріне арналған «Соғыстың әйел беті жоқ» тарихи еске алу кешін өткізді.
Кітапханашылар әйелдердің, Кеңес Одағының Батырлары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерліктері туралы айтып, кітаптарға шолу жасап, «Песнь о Маншук» фильмін көрсетті.
№ 23 ОМ оқушылары – Бекова Найриат, Абулпазиев Артур Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы өз шығармаларының өлеңдерін оқыды.
Кітапханашы Т. Л. Рудковская өзінің тәтесі – қостанайлық хирург, ҰОС қатысушысы Полуместная Анастасия Ефимовна туралы айтып берді, оның есімі «Олар Жеңіспен оралды» жад кітабына енгізілген.
Іс-шара ешкімді бей-жай қалдырмады.
Соғыстың әйел беті жоқ
