«10-аймақ ОҚИДЫ» облыстық акциясы аясында «Қонай» кітапхана-филиалында «Соғыстың естелігі – кітаптарда» атты оқу шеңбері өтті. Қатысушыларға іс-шара туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысы туралы шығармалар қойылды. Балалар жазушылар Л. Кассиль, К. Симоновтың соғыс туралы әңгімелерін және жергілікті жазушы Николай Ковтунның өлеңдерін оқыды.
Соғыстың естелігі – кітаптарда
