А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің жетекшісі қатысушыларға арнап «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында шынығу сағатын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – үйірме қатысушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, дене белсенділігінің маңыздылығын түсіндіру. Орталық саябақ алаңында велотренажерлерде, степперде, жүгіру жолында түрлі жаттығулар жасалып, спорттың денсаулыққа оң әсері туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Бұл шара қыздарды салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік берді. Қыздар белсенділік танытып, жақсы әсер алды.
Спорт – денсаулық кепілі
