Біздің қоғамдағы ең күрделі және талқыланатын мәселе бүгінде сыбайлас жемқорлық болып табылады. Ол қоғамға қауіп төндіреді, мемлекеттілік пен демократияның дамуын тежейді.
«Южный» кітапхана-филиалының қызметкерлері кітапхана оқырмандары үшін «Сыбайлас жемқорлық – ар-ождан тапшылығы» тақырыптық сөресін ұйымдастырды. Тақырыптық сөреде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, журналдар мен газеттерден алынған мақалалар ұсынылған: Ж. Симтиковтың «Ключевые аспекты феномена коррупции» мақаласы, С. Текежановтың «Нетерпимость к коррупции – залог успеха» мақаласы және т. б.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз.
Сыбайлас жемқорлық – ар-ождан тапшылығы