№ 6 мектепте «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 7 сынып оқушыларына арналған «Сыбайлас жемқорықпен күрес – қоғам талабы» кітапханалық квилтін өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстары туралы айтып берді. Балалар сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихына қызығушылық танытты, нақты жағдайларды мысалдармен талдады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санын азайту бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Тақырып бойынша стикерлердің көмегімен ақпараттық стенд жасады.
Іс-шара соңында «Сыбайлас жемқорлық – бұл зұлымдық! Адал өмір сүру керек!» атты кітап көрмесі ұсынылды, онда келесі басылымдар ұсынылған: «О противодействии коррупции» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, К. Қайранбаевтың «Ар мен заң алдында», Л. Түсіпбекованың «Коррупция: быт или не быт?» мақаласы, сондай-ақ Н. В. Гогольдің «Мертвые души», «Ревизор», И. Крыловтың «Басни» классикалық шығармалары және т. б.
Сыбайлас жемқорықпен күрес – қоғам талабы
