«Киевский» кітапхана-филиалында «Фантазия» үйірмесінің қатысушылары үшін «Түрлі-түсті қағаздан өнер» сабағы өткізілді.
Шара басында кітапханашы оригами қайшысыз, желімсіз қағазды бүктеу өнері екенін атап өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға көкөніс жасаудың қадамдық нұсқаулары бар «Оригами» кітабы ұсынылды. Қатысушылар түрлі-түсті қағаздан сәбіз көкөністерін жасау үрдісінен үлкен ләззат алды.
Бұл шеберлік сабағы балаларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, топта жұмыс істеуге баулиды.
