Түймеге екінші өмір сыйлайық

А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының «Асыл мұра» танымдық үйірмесінің жетекшісі үйірме қатысушыларымен бірге «Түймеге екінші өмір сыйлайық» тақырыбында кезекті басқосу өткізді. Қыздар әртүрлі түймелерді жинап, олардан сәндік бұйымдар жасады: түймелерді әртүрлі материалдарға жапсырып, ерекше қолөнер туындыларын дүниеге әкелді. Нәтижесінде әдемі безендірілген сулықтар, қаламсалғыштар, сөмкелер және басқа да бұйымдар жасалды.
Бұл шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, оларды ескі заттарға жаңаша көзқараспен қарап, материалдарды қайта қолдануға баулыды. Сонымен қатар, экологиялық тәрбиенің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.