2025 жылғы 5 қыркүйекте Н. Островский ат. ОҚК оқу залында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай «Түркі-славян жазуының бастаулары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысы түркі руникалық хатының тарихы туралы деректі фильмнің үзіндісін көруден басталды. А. Байтұрсынұлы ат. ҚАУ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультетінің филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы М. А. Сиривля славян жазуының пайда болу тарихы туралы айтып берді. Философия профессоры Ю. Я. Бондаренко адамзат мәдениетін қалыптастырудағы жазудың маңызы туралы өз пікірімен бөлісті.
А. Байтұрсынұлы ат. ҚАУ студенттері сұрақтар қойып, әңгімеге белсенді қатысты. Іс-шараны кітапхана қорынан түркі және славян жазуы туралы кітаптар ұсынылған «Рундар мен хаттар: екі әлемнің тарихы» атты кітап көрмесі сүйемелдеді.
Түркі-славян жазуының бастаулары
