Әр түрліміз, бірақ жақынбыз. Мәдени тұтастық

2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Киевский» кітапхана-филиалында «Түрліліктегі бірлік» тақырыбындағы «Ғажайып алаң» қызықты ойыны өткізілді, ол Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналып ұйымдастырылды. Кітапханашы тойдың шығу тарихы, туған халқымыздың тағдыры мен тілін қорғауға бүкіл өмірін арнаған А. Байтурсынұлының қызметі туралы айтып берді. Ол қазақ алфавитін, графикасын, құрылымын және орфографиясын жасап, ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.
Іс-шара барысында, нағыз телевизиялық шоудай, әйгілі ойынның символы болып табылатын секторлармен қамтылған барабан негізгі атрибут болды. Ойыншыларды үш тур бойынша іріктеу кезінде оқырмандар беларусь және украин жұмбақтарын шешіп, ұсынылған сөздер арасынан қазақша үндес татар сөздерін тапты. Ең қиын кезең супер ойын болды. Дегенмен, олар қиындықты жеңіп, Тауке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған Бөгенбай батырдың атын тапты.