Тұзақтағы өмір

«Южный»  кітапхана-филиалында Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі «Тұзақтағы өмір» тақырыптық сөре ресімделді, онда мерзімді басылымдардан алынған материалдар ұсынылды. Мәселен, 2023 жылғы 28 шілдедегі «Казахстанская правда» газетінде А. Бридің «Ешкімді артта қалдырмау»  мақаласында автор адам саудасына қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру, ұлттық және халықаралық деңгейлерде әріптестікті нығайту қажеттілігі туралы мәселені көтереді. Автор Астанада осы мәселені шешуге тұтас көзқарасты қамтамасыз ету үшін Орталық Азиядағы елдер мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын нығайту және жандандыру мәселелеріне арналған халықаралық конференция туралы ақпаратпен бөліседі.

 «Казахстанская правда» газетінен  Н. Оркушпаеваның 2023 жылғы     10 ақпандағы «В жерле современного рабства», А. Серікбаеваның 2023 жылғы    31 шілдедегі «Живой товар», сондай-ақ «Қостанай таңы»  газетінен А. Ғалымұлының 2023 жылғы  1 тамыздағы «Адам саудасы: тосқауыл бар ма?» және т. б. мақалалар назар аударуға тұрарлық. Бұл мәселені нақтылау және шешу адамзаттың өзін қорғауға көмектеседі, адам саудасына қарсы іс-қимылдың бүкіл жүйесін реттеудің құқықтық базасын жасайды, субъектілердің шеңбері мен рөлін, сондай-ақ олардың арасындағы өзара әрекеттесу механизмін анықтайды.  

Барлығыңызды осы және басқа тақырыптық сөре материалдарымен танысуға шақырамыз.