Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Мирас» МҮ № 1 филиалымен бірлесіп «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілеріне «Тәуелсіз Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты патриотизм сағатын өткізді.
Кітапханашы тәуелсіздік елдің басты байлығы екенін атап өтті. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу тарихын ашты. Балалар «Еске алу айдары» викторинасының сұрақтарына жауап берді.
№ 15 НМ 8 сынып оқушысы Нұрсұлтан Мағжанның орындауында «Адай», «Балбырауын» күйлері шырқалды.
Шара соңында «Тәуелсіздік тағлымы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.