Тәуелсіз Қазақстан уақыт призмасы арқылы

2024 жылғы 13 желтоқсанда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «Тәуелсіз Қазақстан уақыт призмасы арқылы» атты кітапханалық журфикс өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қостанай облысы бойынша ТЖД, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі басқармасының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Кітапханашылар Тәуелсіз Қазақстан тарихының парақтары, ел тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ хандары Жәнібек пен Керей туралы, «Алаш-Орда» қоғамдық-саяси партиясының қызметі және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімеледі. Электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Патриоттық өлеңдер мен Б. Мәденов, Р. Қақанова орындауында әндер орындалды.
Ұйым басшылары жиналғандарды мерекемен құттықтап, өскелең ұрпаққа лебіздерін арнады.
Шара «Атамекен» әні мен «Ел тәуелсіздігі – Қазақстан шежіресіндегі Алтын жол» атты кітап көрмесіне шолумен аяқталды.