Тәуелсіз елдің еңселі рәміздері

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері «ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжі» ЖМ студенттері үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Тәуелсіздік елдің еңселі рәміздері» патриоттық сағатын өткізді.
Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды. Кітапханашы аудиторияға Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран туралы айтып берді. Ел рәміздерінің қалыптасуының тарихи беттерін ашатын электронды презентация мен бейнероликтер көрсетілді.
Студенттер «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық байлық» викторинасына белсенді қатысты. Кітапхана қызметкерлері «Рухтың ұлылығының нышандары» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Патриоттық іс-шара соңында кітапханашы Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін білу мен құрметтеудің маңыздылығын атап өтті.