Тәуелсіздік шыңдары

12 қарашада «Дорожный» кітапхана-филиалында маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік шыңдары» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Шараға Әбілтаева Шолпан Елегенқызы, Әмірхамзин Науырзбай қатысты.
Кітапханашы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы, негізгі тарихи кезеңдер, елдің жетістіктері туралы айтып өтті.
Шақырылған қонақтар өз естеліктерімен бөлісті. Науырзбай Хасенғалиұлы өзінің тәуелсіздіктің құрдасы болғанын мақтан тұтатынын және жастарға өз егемендімізді сақтап, тұғырымызды биіктен ұстауды өсиет ретінде айтып, тілегін білдірді, ал желтоқсан оқиғаларының куәгері Шолпан Елегенқызы сол кездегі жеке тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқыды.
Іс-шара соңында «Көк тудың желбірегені» бейнеролигі көрсетіліп ән шырқалды, «Тәуелсіздік – баға жетпес байлық» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.