«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Төрт түлігім – ырысым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға төрт түліктің пірлері, төлдері туралы түсінік беріп, төрт түлігіміздің пайдалы жақтарын түсіндіріп өтті. Үйірме мүшелері төрт түлік туралы білетін мақал мәтелдер, тиым сөздерін айтып, Ө. Ақыпбекұлының «Төрт түлік, үй құстары, ит, мысық та – құт бәрі» кітабынан жұмбақтар шешті. С. Оспанұлының «Адамгершілік әліппесі», Р. Сәтімбеков, Р, Әлімқұлованың «Жануарлар әлемі», «Төрт түлік» кітаптарынан қой, түйе, сиыр, жылқы малдарына арналған өлеңдер, әңгімелер оқып, жануарлар әлемімен жақынырақ танысты.
Төрт түлігім – ырысым
