«Тағдырлар мен кітаптар ізімен» атты кітап көрмесі «Бір ел – бір кітап» жобасына енген ерекше шығармаларды ұсынады. Бұл жоба оқырмандарды кітап оқуға баулу, ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Көрмеде Қазақстанның әдеби мұрасының маңызды бөлігіне айналған кітаптар қойылған. Мұнда авторлардың өмір жолы мен олардың қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан шығармаларымен танысуға болады.Ұлы ғалым және философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында оның өмірі, шығармашылығы және мұрасына арналған мазмұнды экспозиция ұсынылған. Көрмеде философтың еңбектерімен, оның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесімен және әлемдік философияға ықпалымен танысуға мүмкіндік бар. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына ерекше назар аударылған. Көрмеде ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысының өмірі, шығармашылығы мен философиясына арналған кітаптар, сондай-ақ оның туындыларына иллюстрациялар қойылған. Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай көрмеде оның өмірі мен ғылыми қызметі туралы сирек басылымдар мен материалдар ұсынылған. Сонымен қатар, Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналып, оның шығармалары, соның ішінде Алаш қозғалысы мен оның көрнекті қайраткерлерінің өшпес идеяларын бейнелейтін атақты «Алаштың сөнбес жұлдыздары» кітабы қойылған.
