«Южный» кітапхана-филиалында педагог, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, Қазақстан Республикасының Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті мүшесі, Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, Қазақстан аналар кеңесінің мүшесі, ақын-прозаик, көптеген облыстық және халықаралық әдеби-өлең байқауларының лауреаты әрі жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Суслова Александра Ильиничнaмен «Тағдырға айналған іс …» атты кездесу өтті.
1998 жылдан 2010 жылға дейін ол Қазақстанның іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі болып, жеті жыл бойы саясатта өзін-өзі сынып көретін әйелдер үшін Демократиялық көшбасшылық мектебін басқарды. Қонақ балалық шақтағы естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға бұрыннан белгілі және жаңа шығармаларын ұсынды, жақында жарық көрген кітаптардың мазмұнымен таныстырды. Оның орындауында соғысқа, Отанға арналған, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларға арнап жазылған өлеңдер орындалды. Кездесу барысында Қостанай қаласының композиторларының музыкасына жазылған А. И. Суслова шығармаларының әндері шырқалды. Жасөсіпірімдер ақынның соңғы жылдардағы шығармаларын және жастар тақырыбындағы өлеңдерін зор қызығушылықпен қабылдады. Александра Ильинична – тек облыс тұрғындарымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен тәуелсіз мемлекеттердің елдерінде да танымал костанайлықтардың бірі. Шынында да, Александра Ильиничнаның барлық қызметі – оның өмірі мен тағдыры.