18 маусым күні «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің қатысушылары үшін «Таңғажайып табиғат!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Кітапханашы қатысушыларды табиғат пен қоршаған орта туралы кітаптармен таныстырды. Сондай-ақ балаларға жануарлар әлемі, өсімдіктер, құстар мен балықтар, олардың тіршілік әрекеттері мен табиғатпен үйлесімділігі туралы айтып берді. Балалар табиғаттың сұлулығы туралы суреттер салды.
Таңғажайып табиғат!
