2025 жылдың 17 қарашасында «Дорожный» кітапхана-филиалында «Таңдануға тұрарлық әйелдер туралы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмеге жанқиярлық ерлігімен талайды тәнті еткен, өнерімен ақыл-парасатымен ел есінде мәңгі сақталған қазақ әйелдерінің өміріне қатысты кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі қызықты деректер қойылған.
Оқырмандар назарына К. Әлпейісованың «Нина Қайыпова», «Күләш Байсейтова», З. Кариева «Солнечный голос», «Жизнь в искусстве: композитор Ғазиза Жұбанова», Мақсат Тәж-Мұрат «Неизвестная война Маншук», «Бибігүл Төлегенова» фотоальбом кітаптары және мерзімді газет, журнал беттерінде жарияланған Д. Елемесованың «Аңыз әнші – Роза Бағланова», А. Әбдіхалықтың «Хиуаз – ұлы дала қыранысың», Қ. Еркіннің «Ұлттық операның раушан гүлі – Роза Жаманова» т.б. мақалалар жинағы ұсынылған.
Атақты аналарымызға, батыр қыздарымызға арналған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.
Таңдануға тұрарлық әйелдер туралы