Табиғатқа күзгі экскурсия

«Южный» кітапхана-филиалында «Табиғат достары» үйірмесінің қатысушыларына экологиялық тәрбие беру мақсатында «Табиғатқа күзгі экскурсия» шарасы өткізілді. Балалар жылдың ең әсем және көркем кезеңі, табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы ақпарат алды. Жас зерттеушілер қоршаған әлемді бақылауды үйренді: жазғы және күзгі ағаштардың айырмашылықтарын анықтады, жапырақтардың әуенін тыңдады, жұмбақтарды шешті. Үйірме қатысушыларына табиғат туралы әдебиет қызық болды. Р. Сәтімбеков пен Р. Әлімқұловтың «Қызықты биология», А. Иващенконың «Сокровища растительного мира Казахстана» және басқа басылымдар табиғаттың таңғажайып әлемімен таныстырады. Жас натуралистер экскурсиядан риза болып, көп әсер алды.