Табиғаттың ғажайыптары

3 шілдеде «Западный» кітапхана-филиалында «Табиғаттың ғажайыптары» атты танымдық сағат өтті. Кітапханашы балаларды планетамыздың ерекше жануарлар әлемінің түрлерімен таныстырды. Ал балалар «Қазақстандағы жануарлар әлемі», «Тірі әлем», «Зачем и почему», «Жануарлар әлемінің үлкен атласы» деген энциклопедиялармен және «Жануарлар әлемінде» журналдарымен жұмыс істеді.
Іс-шара соңында балалар «Тауып-ал» ойынын ойнады.