Талант қыры

«Северный» кітапхана-филиалында ақын Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Талант қыры» атты портреттік кеш өтті.
Кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, презентация, оған арналған бейнеролик көрсетті. Оқушылар Жұбан Молдағалиевтің өлеңдерін оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында кітапханашы тақырыптық сөре бойынша әдебиеттерге шолу жасады.