Кітапхана Советская көшесіндегі (қазіргі уақытта «Турист» қонақ үйі) екі қабатты кірпіш ғимаратта орналасқан. Абонемент бірінші, оқу залы екінші қабатта орналасты.
Ұлы Отан соғысы жылдары кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетумен қатар, кітапхана қызметшілері қала орталығында орналасқан жараланғандар госпиталінде жұмыс істеді. Мұнда жараланғандар үшін конференциялар, шолулар, әңгімелер өткізілді (олардың арасында әсіресе москвалықтар, ленинградтықтар, харьковтықтар) болды.
1951 жылы кітапхананың кітап қоры 10 мың дана кітапты құрады. Кітапхананың кітап қоры тек қана мемлекеттік кіріс көздерінен ғана емес, сондай-ақ өздерінің жеке кітаптарын кітапханаға сыйлаған қала тұрғындарының көмегімен толықтырылды.
Тың игеру жылдарында бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен халық легі едәуір көбейді. Жастар сүйіспеншілікпен кітапханаға келді, әдебиеттің жетіспеушілігі орын алды. Қор украин, белорус әдебиетімен толтырылды, Одақтың басқа да кітапханаларынан көптеген кітаптар келіп түсті.
1954 жылы Қостанай қалалық кітапханасында мыңнан астам оқырман болды. Оның ішінде мектеп оқушылары, жұмыскерлер, қызметшілер, үй шаруасындағы әйелдер. Осы жылы кітапхана оқырмандары ішінен кітапхана қызметкерлеріне әртүрлі іс-шаралар өткізуге көмектесетін белсенді топ құрылды.
Кітапхананың мекенжайы және ондағы әдебиеттер туралы халыққа айтып жеткізу үшін көбіне кітапханашылардың өздері үй басын аралап шығатын.
1957 жылы қалалық кітапхана үгіт бөлімдерін әдебиетпен қамту және жабдықтауға үлкен көмек көрсетті. Бірнеше жылжымалы кітапханалар дайындалды. Кітапхана үй кітапханаларымен байланысын үзбеді, бірлесіп отырыстар өткізді.
1964 жылы 30 қыркүйекте (осы жылдан бастап мұрағат материалдарында айтылған) қалалық кітапханаға Николай Алексеевич Островскийдің аты берілді. Сол уақыттан бастап кітапхана Н. Островский атындағы Орталық қалалық кітапхана болып аталды.
1967 жылы 15 қарашада қалалық кітапхана Гоголь көшесі, 80 мекенжайында кооператив үйінің, аумағы 485,7 шаршы метр құрайтын төменгі қабатына көшіп орналасты. Бұл тұрғындарға қызмет көрсету үшін және кітап берілімін көтеруге жақсы жағдай туғызды.
1972 жылы қалалық кітапханалар орталықтандырылды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бірінші директоры – Қазақ КСР құрметті мәдениет қызметкері Римма Темирбаевна Гайнуллина болды.