«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері жас балаларға арналған «Тарих аясында үш таңба» азаматтық сабағын өткізді. Іс-шараның басында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Кітапханашы Қазақстан Республикасының рәміздерінің пайда болу тарихымен таныстырды, балалар «Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?» танымдық викторина сұрақтарына жауап берді. Қатысушылардың назарына «Тәуелсіздіктің жоғары құндылықтары» атты кітап көрмесіне шолу ұсынылды.