«Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар. Міржақып Дулатов»

«Станционный» кітапхана-филиалында Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай «Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Қазақ ақыны, жазушысы, журналисті, драматургі, Алаш-Орда үкіметі мен Қазақстан ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. Міржақыптың тұңғыш жыр жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шықты. Бұл кітаптың қазақ оқырмандарына әсері өте күшті болды. Кітап жас қаламгерге атақ әкелсе, оның «Бақытсыз Жамал» романы да жарық көрді. Әр жерде шығатын түрлі қазақ басылымдарына, әсіресе «Айқап» журналына жиі жазатын. Көрмеге Гүлнәр Дулатованың «Алаштың ұлы жұлдыздары», «Қазақ халқының тарихи тұлғалары», «Алаш көсемсөзі» энциклопедиясы, «Тарихи тұлғалар» атты кітаптары мен мерзімді басылымдардағы мақалалары қойылған.