«Станционный» кітапхана-филиалында Нағашыбай Мұқатовтың 75 жылдығына арналған «Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қостанай облысының белгілі ақыны әдебиеттанушы, аудармашы, қоғам қайраткері, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, КСРО телевизия және радио үздігі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Н. Мұқатовтың белсенді іс–әрекетінің арқасында біздің облысымыз туралы одан тыс жерлерде де танылады. Көрмеде Нағашыбай Мұқатовтың «Қазыналы Қайнекей», «Көкірек-көзбен көргендерім», «Ой отауда оңаша», «Сөйле, жүрек!», «Қостанай облысы» энциклопедия және мерзімді басылымдардан алынған мақалалар ұсынылады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.