Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар

«Станционный» кітапхана-филиалында көрнекті композитор, халық әндерін орындаушы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, қазіргі қазақ эстрадасының негізін қалаушылардың бірі, мемлекеттік сыйлықтар мен наградалардың лауреаты, қазіргі заманның Қазақстан әнұранының авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай «Тарихи таным: уақыт, оқиғалар, адамдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Композитордың әндерін Қазақстанның барлық әншілері – 50-ші жылдардағы мэтрлардан бастап қазіргі жастарға дейін орындады. Көрмеде Шәмші Қалдаяқов туралы кітаптар мен материалдар ұсынылған: Е. Әкімкулов «Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы», О. Жақсанов «Қазақтың өнер жұлдыздары», Н. Кетегенова «Қазақстан композиторлары», К. Сегізбайұлы «Қазақ әндері» және тағы басқалар.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап көрмесінің материалдарымен танысуға шақырамыз.