«Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 15 НМ 6 сынып оқушыларына арналған Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» реквием кешін өткізді.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбаны болған жазушылар мен ақындар туралы айтып берді. «Қуғын-сүргін құрбандары» бейнеролигі көрсетілді.
Тарих пәнінің мұғалімі А. Ж. Урдабаева «Гулаг», «Қарлаг», «Степлаг», «Алжир» лагерлері және Алашордашылар қозғалысы туралы айтып берді.
Іс-шара соңында «Алаш арыстары» тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалды.
Тарихтан тағылым – өткенге тағзым
