Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында «Киевский» кітапхана-филиалында «Тарихтан туған рәміздер» атты ақпараттық досьесі ұйымдастырылды.
Іс-шара басында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.
Іс-шара барысында кітапханашы еліміздің мемлекеттік рәміздерін қабылдау тарихын айтып, балаларға «Біздің рәміздер – біздің мақтанышымыз» викторинасына қатысып, шағын саяхат жасауды ұсынды.
Оқырмандарға «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» бейне-слайд көрсетілді, онда Қазақстан Республикасының Туы, Әнұраны мен Елтаңбасының пайда болу тарихы ұсынылды. Балалар шағын викторина сұрақтарына жауап бере отырып, рәміздердің маңыздылығы туралы өз пікірлерімен бөлісті, Қазақстан туралы өлеңдер оқыды.
Іс-шара соңында балалар «Менің Әнұраным, Менің туым, менің Қазақстаным» кітап көрмесінің материалдарымен танысты.
Тарихтан туған рәміздер
