«Киевский кітапхана-филиалының қызметкерлері Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтың қайғылы беттері» атты еске алу лентасын өткізді. Ғафу Қайырбеков ат. № 9 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.
Іс-шараның басында саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Кітапхана қызметкерлері саяси қуғын-сүргін жылдарындағы елдің күрделі және даулы тағдыры туралы айтып берді. «Письмо написанное кровью», «Лагеря Алжира» бейнероликтері көрсетілді. Балалар жазықсыз сотталғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышпаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров және басқа да көрнекті мемлекет және саяси қайраткерлері бар екенін білді.
Іс-шара соңында 30-40 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы әдебиеттер ұсынылды. Балалар М. Дулатовтың «Оян қазақ!», Өтегена Оралбайұлының «Жұт-жендет» жанды өлеңдерді оқыды.
Тарихтың қайғылы беттері
