Таза қала

29 қазанда «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері ГАИ шағын ауданында «Таза қала» атты экологиялық акциясын өткізді.
Кітапханашылар №18 ОМ оқушыларына, шағын аудан тұрғындарына акция туралы айтып, «Таза қала не үшін керек?» атты бүктемелер таратылды.
Жергілікті тұрғындар «Таза қала» акциясына қызығушылық танытып, қаладағы тазалық тек жайлылық үшін ғана емес, адам денсаулығын қамтамасыз ету үшін де қажет деген қорытындыға келді.