6 қарашада «Станционный» кітапхана-филиалында «Жұлдыз» клубының қатысушылары үшін «Теңге – біздің тарихымыздың бір бөлігі» ақпараттық сағаты өткізілді.
Кітапханашы ұлттық валютаның қалыптасу тарихына экскурсия жүргізді, теңге туралы қызықты фактілермен, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қазақстандық монета сарайы» кәсіпорнының құрылу тарихымен таныстырды, мерейтойлық монеталарды ұсынды.
Іс-шараға қатысушылар ақша туралы мақал-мәтелдерді еске алып, ақшаға қатысты белгілермен бөлісті.
Соңында «Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы» кітап көрмесіне шолу жасалды.
Теңге – біздің тарихымыздың бір бөлігі