«Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері № 18 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін «Теңге – мемлекет келбеті» танымдық сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қостанай филиалының өкілдерімен бірлесіп ұлттық валюта күніне орай өткізілді.
Банк қызметкерлері «Теңге» ұлттық валютасының құрылу тарихы мен ерекшеліктері туралы айтып берді, мемлекетіміздің ғылымын, өнерін, мәдениеті мен білімін дамытуға зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар бейнеленген алғашқы теңгелердің үлгілері ұсынылды. Қатысушылар ұлттық валюта дизайнерлерінің есімдерін біліп, алғашқы қағаз теңгелер мен тиындарды қызығушылықпен қарап, Қазақстанның естелік және коллекциялық монеталарымен танысты.
Балалар «Теңге әлемі» электронды ойынына қатысты және дұрыс жауаптар үшін жеңімпаздарға сыйлық ретінде грамоталар мен кәдесый монеталары табыс етілді.
Соңында қаржылық сауаттылық бойынша бейнеролик көрсетіліп, «Теңге – тәуелсіздік тұмары» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.
Теңге – мемлекет келбеті