Теңге – мемлекеттің символы

«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 2025 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне орай «Теңге – мемлекеттің символы» атты тақырыптық сөре ұйымдастырды.
Көрмеде ұлттық валютаның ел экономикасындағы маңыздылығы және оның әлемдік қауымдастықтағы рөлі туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған. Е. Шаймерденұлының «Елтаным», О. Баймұратовтың «Қазақстан қаржы тарихы», Р. О. Смағұлованың «Қаржы, ақша айналымы және несие» кітаптары, газет, журнал беттерінде жарияланған «Трудный путь Тенге», «Ұлттық валюта – теңге күні» мақалалары ұсынылды. Көрме банк мекемелерінің фотосуреттерімен және ұлттық теңгенің үлгілерімен толықтырылған.
Біз барлығыңызды тақырыптық сөремен танысуға және Қазақстанның ұлттық валютасының тарихын ашуға шақырамыз.