Теңге – тәуелсіздік келбеті

«Строительный» кітапхана-филиалында пайдаланушылардың назарына «Теңге – тәуелсіздік келбеті» көрме-экспозициясы ұсынылды.
Теңге тәуелсіздіктің экономикалық негізі болып табылады. «Қазақстан монеталары» басылымы 1993-2021 жылдар аралығында шығарылған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Қазақстан монеталарына арналған. Каталогта айналым, коллекциялық және инвестициялық монеталардың суреттері мен сипаттамалары көрсетілген. «Ақша, несие, банктерде» оқулығында, редакциялаған Ғ. С. Сейтқасымова, ақша теориясы, кредит беру, бағалы қағаздар нарығы, инфляция мәселелері қозғалады. С. Аммус «Ақшаның қысқаша тарихы немесе биткоин жөнінде нені білуіміз керек»» кітабында дәстүрлі валюталардың сандық баламасы биткоин туралы айтылады. Онда жаңа төлем жүйесі егжей-тегжейлі сипатталған. Кітап ақшаның тарихы мен болашағына қызығушылық танытқандар үшін пайдалы. Жас оқырмандар үшін автор О. Гумированың «Детям о финансах» сериясынан брошюралар ұсынылды.
Көрме материалдарымен танысуға шақырамыз!