Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі

«Южный» кітапхана-филиалында Қазақстанның ұлттық валюта күніне орай «Теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі» атты тарихи репортаж өтті. М. Хакімжанова атындағы № 20 орта мектептің 7 «Ә» сыныбының оқушылары Қазақстан аумағында тамыры VII–VIII ғасырлардан бастау алатын ақша белгілерінің пайда болу тарихына экскурсия жасады.
Іс-шараға шақырылған қонақтар – Қазақстан Ұлттық Банкі ҚФ қызметкерлері экономикалық талдау және статистика бөлімінің бастығы Ахметжанова Дина және жетекші маман Мырзатаева Азиза Қазақстанның өз ұлттық валютасын қандай қиын жағдайларда әзірлегені және қабылдағаны туралы айтып, банкноттар мен мерейтойлық монеталардың үлгілерін көрсетті. Балалар «Сен білесің бе?» викторинасына белсене қатысты.
Іс-шара соңында жүргізуші «Теңге – біздің мақтанышымыз» атты кітап көрмесіне шолу жасады.