4 қыркүйекте №23 орта мектепте «Южный» кітапхана-филиалының кітапханашылары Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Тіл – барлық білімнің кілті» атты диалог алаңын 6А сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізді. Кітапханашы балаларды мерекенің тарихымен таныстырып, барлық тілдер тең деп танылатынын, өйткені олардың әрқайсысы бірегей екенін атап өтті.
Тіл күні – барша Қазақстан азаматтарының достығы, туыстық және бірлігінің белгісі. Шара барысында балалар мақал-мәтелдердің мән-мағынасын түсіндіре отырып, көптеген жаңа нәрселерді білді, өлең оқуда өз қабілеттерін көрсетті, түрлі тілде жұмбақтарды тапты. Көрермендер назарына «Тіл – достық көпірі» атты бейнеролик ұсынылды.
Шара соңында «Тіл – ұлттың жаны» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Тіл – барлық білімнің кілті
