2024 жылғы 03 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Тіл – достықтың алтын көпір» атты білгірлер турнирі өтті.
Іс-шараға № 15 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Кітапханашы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына сәйкес 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі жарияланғанын атап өтті.
«Тіл – татулық тірегі» кітап көрмесі ұсынылды. Балалар екі топқа бөлініп, тапсырмаларға белсенді қатысты. Қазақ тілі туралы мақал-мәтелдерді еске алып, сөйлемдерге жетіспейтін сөздер енгізіп, үш тілде карточкалар жинады.
Іс-шара ана тілі туралы білімдерін кеңейте отырып, танымдық түрде өтті.