Қазақстан халқы тілдері күніне, А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері өз үлесін қосты. Мектеп оқушылары үшін «Тіл – халықтың тірі жаны» атты ойын түрінде сайыс бағдарламасын өткізді.
Кіріспе бөлімінде «Ассамблея жастары» РҚБ өкілі Мұрзағалиев Р. Ж., қазақ жазу реформасы және Қазақстан халқының тілдік мұрасын насихаттау мен қолдау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Іс-шара барысында қазақ тілінде Отан туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер оқылды. Қатысушылар екі командаға бөлініп, «Келсең, кел!», «Демалуға бір сәт», «Жанкүйерлер», «Ақылды достар» конкурстарына белсенді қатысты.
Іс-шара соңында қай тілде сөйлессек те, балалар бірауыздан Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, деп атап өтті!