Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу қарсаңында «Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері кітапхана оқырмандары үшін «Тіл – халықтың жан дүниесін тану кілті» атты қарым-қатынас сағатын өткізді.
Кітапханашы мерекенің пайда болу тарихы туралы, 2017 жылдан бастап бұл мереке көрнекті ақын, аудармашы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылғаны туралы айтып берді. Ахмет Байтұрсынұлы бүкіл өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнап, ұрпақтарына қазақ әліпбиін, графикасын, құрылымы мен орфографиясын жазып, мұра етіп қалдырды.
Іс-шара барысында балалар орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде өлең оқыды, «Өз Отаныңды білесің бе?», «Мемлекет рәміздері», «Үздік аудармашы» викторина байқауларына қатысты, келесі тапсырмаларды орындады: «Мақал-мәтелді суреттеңіз», «Мақал-мәтелдердің көптігі», «Мақал-мәтелді аяқтаңыз».
Оқырмандар назарына «Тіл – рухани мәдениеттің сақтаушысы» атты кітап көрмесі ұсынылды.
Іс-шара соңында қатысушылар бір-бірін құттықтады.
Тіл – халықтың жан дүниесін танудың кілті
