Қазақстан халқының Тілдері күніне орай «Станционный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Білгіштер» балалар үйірмесінің қатысушылары үшін «Тіл – халықтың жаны» атты білгіштер клубын өткізді. Кітапханашы Тіл Заңымен балаларды таныстырып, «әлем тілдері» ұғымын түсіндірді. Іс-шараға № 15 білім беру мектебінің педагог-қазақтанушысы Жалмендина Лейла Қосылбайқызы шақырылды, ол мерекенің тарихы, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ лингвистикасы мен әдебиеттануын дамытудағы рөлі туралы айтып берді. Қатысушылар әр түрлі тілдерде бір-бірімен сәлемдесті және ана тілі туралы өлеңдер оқыды.
Соңында «Қазақ тілінің болашағы – қазақ тілінде» атты кітап көрмесі ұсынды.